Медициналық колледждің студенттері сауапты іс жасады

Медициналық колледждің студенттері сауапты іс жасады. Емдеу ісі мамандығының 21 түлегі мейрамханада көңіл көтеріп, қыдырудың орнына, қайырымдылыққа бет бұрды. Қоштасу кештен бас тартып «Ботажан» сауықтыру орталығына қаржылай көмек көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі балаларға сурет салуға қажетті қалам-құралдарды сыйға тартып, ғимарат ішіне жалюзи орнатып берді. Осылайша болашақ дәрігерлер бір күндік сауық-сайранға жұмсалатын ақшаны ауыр дертке шалдыққан бүлдіршіндерге тарту етіп, көңілдерін көтеруге тырысты.

Мөлдір Хамит-Медициналық колледж түлегі: «Үлкен бір жақсылық жасайық деген оймен туындады.Ақшамызды басқа бір ойын –сауыққа құртқанша осы балаларды бір күндік көңілдерін көтіруге ұйғардық. Бұл барлығымыздың ақылдауымыздан туындады».

Айнұр Алмаханова- Медициналық колледждің мұғалімі: «Бұл идея біздің студенттеріміздің ойлап тапқандары.Өйткені қазіргі заманда көбінесе осындай көңілді кештерге көп ақша бөлініп көп ақша қыдырады. Жастар лимузинмен қыдырады.Өздері ұйымдасып, бір сауапты іс жасайық деп шешті».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture