Балқаштықтар Ақ тасқа қайта автобуспен қатынай алады

Құрылысшылар «ақ тас аймағына» барар жол жөндеуге кірісті. Еске сала кетейік, осы жолдың нашарлығынан 3 б автобусы онда жүруін тоқтатқан болатын. Сол себепті саяжайшылар профилактория дейін қоғамдық көлікпен жетіп, әрі қарай жаяу жүруге мәжбүр болды. Енді, міне бұл мәселе шешілмек. Қазір, мамандар жол бойына асфальт үгіндісін үйіп қойыпты. Енді оны арнайы техникамен жайып, ойық-шұңқыры көп жерлерді тегістеуге кіріседі. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін 3 б автобусы бұрынғыдай ақ тас аймағына қатынай бастайды.

Әнуар Самиев-ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Жолды жамау үшін біз онда ескі асфальт үгіндісін қолданып жатырмыз. Арнайы техника оны бүгін жайып, ойық жерлерді тегістейді. Ал, ертеңнен бастап 3 б автобусы ақ тас аймағына жүре бастайды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture