Қаладағы төтенше жағдай қызметкерлері оқыстан келген апатқа қаншалықты дайын? Балқашта мамандардың міндеттерін пысықтау мақсатында командалық оқу жаттығу жұмыстары жүргізілді. Санаулы минутта өртті ауыздықтап, суға батқан балықшыларды құтқарып, химия төгілген аймақты залалсыздандырды.
Сценарий бойынша екі балықшының резеңкелі қайықтары аударылып, суға батып кетеді. Ал оны көрген сүңгуірлер бірден көлікке отырып, құтқаруға асығады.
Оқиға орнына дереу жеткен мамандар 2 метрдей тереңдікке батып кеткен адамдарды судан алып шығып, қайыққа жатқызды. Ол үшін бар жоғы 5-6 минут уақыт берілді. Себебі, одан көп болса адамның денсаулығы нашарлай түседі.
Ал зардап шеккендерді жағаға алып шыққан кейін, жәдел жәрдем қызметкерлері келгенше сүңгуір алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Суды әбден жұтынған адамның басын төмен ұстап, ішіндегі суын шығарады. Одан нәтиже шықпаса шалқасынан жатқызып, жасынды тыныс алу тәсілдерін жасайды.
Александр Касьянов-аға құтқарушы
«Адамның өмірін сақтап қалу үшін 6 минут уақыт қажет. Біз 3 минутқа дейін көмектесуге тырысамыз. Бірақ, зардап шегуші алыста болса көп уақыт кетеді. Деседе, адамды судан тез шығарып, дәрігерлерге тапсырамыз».
Осылайша, суға шомылу маусымында жұмыстарын пысықтай түскен балқаштық құтқарушылар берілген тапсырманы дұрыс әрі тез атқарды деп баға берді,облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы.
Ибрагим Күлшімбаев, Қарағанды облыстық ТЖД бастығы
« Жақсы дайындығы бар.Көрініп тұр.Біледі қызметкерлердің барлығы жұмыстарын.Пысықтайтын сұрақтарымыз бар. Жергілікті полицейлермен уақытылы қызмет етуін».
Судан құтқару бекетінен кейін, командалық оқу жаттығу жұмыстары қаланың шетіндегі Орбита аймағында жалғасын тапты. Оған төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге Балқаш Су мекемесі ат салысты. 6 маман мен өрт сөндірушілер 500 метрге төгелген 25 литрлік химиялық сұйықтықты залалсыздандырды. Өйткені, хлорлы су ауаға тарап кетсе, адам өміріне қауіп төндірері сөзсіз.
Серікбол Рахымжанов- «Балқаш Су » КМК инженері
«Хлорлы сұйықтықты жою үшін 30 минут уақыт беріледі. Одан кешіккен жағдайда улы газ ауаға тарап, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Тыныс алу жүйе бірден нашарлай түседі».
Құтқарушылар үшін жасалған тәжірибелік жаттығулар лапылдаған өртті ауыздықтаумен жалғасын тапты. Және ертең облыстық мамандар қаладағы төтенше жағдайға қажет техникалардың сапасын тексеретін болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login