Балқаштық мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілінен білім деңгейлерін сынады

Балқаштық мемлекеттік қызметкерлер «Қазтест» жүйесі арқылы қазақ тілінен білім деңгейлерін сынады. 200- ге жуық Балқаш және Ақтоғайдан келген түрлі саланың мамандары 150 сұраққа жауап берді. Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы ұйымдастырған білім сынағы сертификаттық және диагностикалық болып екі аудиторияда өткізілді. Тестіге мұғалімдер, әскери саланың мамандары , дәрігерлер мен жеке бизнес өкілдері қатысты. Оның ішінде 175 адам мемлекеттік тілдегі сынаққа бірінші рет қатысса, өзге 25 маман екінші рет білім деңгейлерін анықтады. Жалпы қатысушылар 3,5 сағаттың ішінде 3 бөлімнен құралған 150 тест сұрағына жауап берулері тиіс. Ал сынақтан сүрінбей өту үшін кем дегенде 135 сауал дұрыс болуы керек. Алайда, кімнің дұрыс, кімнің бұрыс жауап бергендігі бір айдан соң белгілі болмақ.

Адасай Бердіқұлова- Ұлттық тестілеу орталығының маманы
« Тестінің тапсырмаларын ҚР барлық өңіріндегі жоғарғы оқу орындарының оқытушыларымен, профессор оқыту құрамы, яғни жоғарғы білікті мамандар тест тапсырмаларын әзірлейді.Және ол тапсырмалар екі рет сараптамадан өтеді.Тест тапсырмалары коммуникативті тұрғыдан таңдалып алынған.Ондай ешқандай терминдерсіз, мектеп ішінде қолданылатын, мектеп бағдарламасында қолданылатын тапсырмалар мүлде жоқ».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture