Балқаштық балықшылар кәсіптерінің қыр-сырымен бөлісті

27 маусым- дүниежүзілік балықшылар күні. Бұл мейрам 16 мың жыл бұрын анықталып, соңғы 30 жылда тойланып келеді. Ал бүгінгі күні балық аулауды бірі ермек қылса, бірі кәсіпке айналдырып нәпақа тауып жүр. Оның ішінде балқаштықтар да бар. Осыған орай қолдарына қармақ алып, табиғатпен етене жақындасқан жандармен бізде тілдесіп қайттық.

Валерий Ким-  кәсіби балықшы. 69 жастағы зейнеткер күн сайын таңғы сағат 6-дан бастап қалалық бөгетке келеді. Үш сағат бойы табиғатпен сырласып, қармағына кем дегенде 30 шақты балықты түсіреді. Алайда, балық аулаудағы ең қызығы нәпақа емес, жалпы балық аулау процессі жанға жағымды дейді.

Валерий Ким – балықшы
«Мен өзім зейнеткермін. Үйде отырғанша, таза ауаға шыққанды ұнатамын. Көл жағасына келіп балық аулағанда біраз демалып қаламын. Олда мен үшін бір ермек».

Жаз басталғалы бері балықшылар көбінесе торта балықты қармаққа көп түсіреді екен. Өйткені, өңірге көктем кеш жеткендіктен сазан әлі кішкентай көрінеді. Сондықтан, үлкен балықтарды тек шілде айынан бастап аулауға мүмкіндік бар .
Демалыстарын таза өткізуді әдетке айналдырған балықшыларға ауа райы кедергі емес. Алайда, әрбір балық өзіндік ерекшелікті қажет етеді. Мысал үшін нан, жүгеріге – торта балық пен сазан түссе, көксеркені тек ұсақ балықтармен ұстауға болады.

Балық аулау – әрі кәсіп, әрі ермек, әрі спорт түрі. Бірақ та онымен айналысу үшін ептілік пен шыдамдылық қатар түсетін сын екенін естен шығармаған абзал.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture