Адам өлтірген екі балқаштық 35 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Қылмыскерлер кісі өлтіру,арандатушылық, заңсыз қаруды алып жүру және құрықтау барысында тәртіп сақшыларға қарсылық білдіру фактілеріне сәйкес бірнеше бап бойынша сотталды.Қанды қылмыс биыл, наурыз айының 7 — сі күні болды. Екі күдікті тапа-тал түсте жәбірленушіні Молдағұлова көшесіне шақырып, шолақ мылтықтан екі рет атады. Бірінші оқ тимей қалып, екіншісі марқұмның кеуде тұсына қадалған. Ал одан 37 жастағы азамат оқиға орнында тілге келместен қайтыс болды. Күдіктілер сол күні №7 мектептің қасындағы көлік жөндеу орталығында ұсталды. Соттың шешімімен құрықтау кезінде полицейлерге қарсылық білдірген 32 жастағы қандықол үш бап бойынша 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал екінші сотталушы екі бапқа сәйкес 17 жылға темір торға қамалды. Айта кетейік, сот үкімі күшіне енген жоқ.
Мадияр Игенов- қалалық прокуратураның прокуроры
«Қарағанды облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соттың үкімімен Балқаш қаласының екі азаматы алдын ала сөз байласып кісі өлтірген үшін және атыс қаруын сақтағаны үшін , сонымен қоса билік өкіліне күш қолданғаны үшін сотталған.Аталған баб бойынша біреуіне 18 жылдан, екіншісіне 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Аталған уақытта соттың үкім заңды күшіне енген жоқ. Сот отырысында біреуі кінәсін толықтай мойындаған жоқ, біреуі мүлдем мойындаған жоқ».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login