Қарағанды тас жолында табылған екі бала үйге көшті. 4 апта бойы қалалық жұқпалы аурулар бөлімшесін паналаған 4 жасар қыз бен 6 жасар ұл баланы әкелерінің ағасы алып кетті. Ал 25 жастағы жауапсыз ана сол беті балаларын көруге келмеді. Оқиғаны еске сала кетсек, екі бала 8 маусым күні ауруханаға түсті. Оларды полицейлер тас жолда ойнап жүрген жерлерінде тауып алды. Содан ата-аналары іздестірілгенімен, табылмады. Ал әкесінің ағасы балаларды алып кетемін дегенімен, заңға қайшылық тудырды. Себебі, заң бойынша тастанды балаларды туысқандары ата-ана бас тартқан кезде ғана қамқорлыққа ала алады. Деседе, осы жағдайда екі баланы тәрбиелеп отырған азаматқа рұқсат берілді. Енді далада табылған балалар әкелерінің ағасында уақытша тұра алады. Ал балаларын тірі жетім қылған Ирина Касатчиковадан сол беті хабар жоқ.
Мария Гиждевская– Кәмелет жасқа толмаған балалар ісі жөніндегі инспектор
« Жауапсыз ана балаларын көруге, алып кетуге асығар емес. Жағдайлары қиын. Сондықтан олар әкелерінің ағасының қолына тапсырылды.Уақытша солардың қамқорлығында болады.Ал аналары табылған соң әкімшілік жауапкершілікке тартылады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login