Балқаштық мемлекеттік қызметкерлер төл мерекелерін атап өтті. Қалалық әкімдікте салтанатты жиында үздік жұмыскерлер марапатталды. Шаһар әкімінің құрметті грамотасына экономика, кадр,ТКШ бөлімі және әкім аппаратының мамандары ие болды. Жалпы марапатқа 15 бөлімнен бір-бір қызметкер ұсынылған. Оның бірі облыстық байқауда ең жас қызметкерлермен бірге сынға түсіп, ең үздік атанған. Ұтып алған жүлде қоры 100 000 теңге.
Расул Қасенхан –қалалық әкім аппаратының бас маманы
«Жарыс 2 этаптан тұрды. Бірінші этапта эссе жазу керек болды. Мен патриотпын. Мен мемлекеттік қызметкермін тақырыбында. Облыстық сайысқа 21 қатысушы қатысып, 10 финалист іріктелді. Мен өнер көрсету кезеңінде Мағжан ағамыздың «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқып жүлделі орынға ие болдым».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login