Балқаштық үздік кен байытушылар марапатқа ие болды

Осы демалыста байытушылар алғаш рет өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Аталмыш мейрамға орай мәдениет сарайында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Онда еңбегімен көзге түскен Балқаш, Нұрқазған, Қарағайлы байыту фабрикаларының жұмыскерлері марапатталды. Бұл күні 4 адам облыс басшысының, осынша адам қала әкімінің құрмет грамотасына ие болды. Қазақмыс Холдингінің атынан 40-қа жуық маманға алғыс хат табысталды. Салтанатты рәсімде байытушылар алдында Мадина Садуақасова, Абдулкарим Карим және Джейран тобы өнер көрсетті. Жиын кешкісін мерекелік концертпен жалғасты.

Қайрат Бәкіров-Қарағайлы байыту фабрикасы Ұнтақтау бөлімшесінің темір ұста-жөндеушісі
» Өте қуаныштымыз. Жылда осындай еңбегімізді елегеніне, артымыздағы өсіп келе датқан жас мамандарға жұмыскерлерге осындай атаққа, даңққа кенеле берсін деп тілейміз».

Саягүл Алдажарова-Балқаш байыту фабрикасының конвейер машинисі
«Осылай еңбегім еленіп жатқанына рахмет. Мереке жақсы болды. Көңілімізден шықты. Бізге арнап қойған концерттері жақсы».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture