Балқашта жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті

Мерекелік демалыс жол көлік оқиғасыз өтпеді. Қараменде би көше қиылысында екі көлік соқтығысып, бір жүргізуші мен бір жолаушы зардап шекті. Ал оқиға түнгі сағат бір жарымда болды. Мерседес көлігін тізгіндеген жүргізуші Қараменде би көшесінің бойымен жүйткіп келіп, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай өте шыққан. Нәтижесінде Мир көшесінен көтеріліп келе жатқан Лексусқа барып соғылады. Қатты соққы салдарынан Лексустың жүргізушісі мен Мерседестің ішіндегі жолаушы қыз зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Қазір денсаулықтары бір қалыпты, орташа. Екі науқаста түрлі дене жарақаттарын алған. Алдағы 5-6 күн дәрігерлердің қарауында болмақ.Ал жол көлік оқиғасына кінәлі 25 жастағы Мерседес жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған қоса, ол бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған екен.

Алмас Қалиашев- Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы
Болған жол көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.Мерседес жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамағандықтан, кінәлі. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жиналған құжаттар сотқа жіберіледі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture