Қара шаңырақ иесі, әулетіміздің жалғасы, ардақты да асылды Оралбек немересі Нұртілекті туған күнімен құттықтаймыз!
Туған күнің құтты болсын құлыным!
Жігіт болдың желбіреген тұлымың.
Әжең бүгін құттықтайды өзіңді,
Денің сау боп, ұзақ болсын ғұмырың!
Туған күнің құтты болсын! Қарның тоқ болсын! Өмірің ұзақ болсын! Дастарханың майлы болсын! Жүрегің нәрлі болсын! Ұрпағың күшті болсын! Денсаулығың мықты болсын! Өмірің тәтті болсын! Жүрегің сырлы болсын!
Сүйіктісі Алланың,
Сен болғайсың, құлыным.
Байлық емес бақ беріп,
Ұзақ болсын ғұмырың.
Бауырларға үлгі бол,
Ағайынның гүлі бол.
Ұзақ болсын өмірің,
Қалаулының бірі бол.
Тілек білдірушілер: әжесі – Шамшипану, әкесі-Нұрлан, жезде-әпкелері, аға-жеңгесі, бауыры, жиендері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login