22 маусым Ұлы Отан соғысының басталған күні! Осыған орай коммунистер Мәңгiлiк алау жанына жиналып, соғыс майданынан оралмағандарды бiр минут үнсiздiкпен еске алды. Гүл шоқтарын қойды. Осыдан тура 76 жыл бұрын, яғни 1941 жылдың 22 маусымы күні шамамен таңғы сағат 4 кезінде фашистік Герман әскери КСРО-ның батыс шекарасына басып кірді. Осылайша, тарихта екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы –Ұлы Отан соғысы басталды. Төрт жылдық қан-майданда КСРО 27 млн. адамынан айырылды. 600 мыңға жуық қазақстандық майданда шейіт болды.Отан үшін от кешкендері еске алу шарасы еліміздің барлық өңірлерінде өткізілді.
Николай Цыганок –Коммунистік халық партияның қоғамдық қабылдау төрағасы
«Бұл шара біз үшін дәстүрге айналған. Жыл сайын соғыста қайтыс болған жандарды осында келіп еске алып, гүл шоқтарын қоямыз. Сол жылдарды еске алудың өз қорқынышты. 1941 жылғы 22 маусымды ешқашан ұмытпаймыз.Ондай күн енді қайталанбасын».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login