Балқаштық қыздар командасы дартс ойынынан чемпион атанды

Балқаштық қыздар командасы дартс ойыны бойынша облыста үздік атанды. Сәтпаев қаласында дойбы, үстел тенисі, стритбол, волейбол, баскетбол секілді спорттың жеті түрінен облыстық жазғы спартакиада өтті. Бұл сайыста жерлестеріміз  дойбыдан ІІІ, ал дартстан І орын алды. Балқаш қоржынына алтын салған қыздар-Медина Тұрсынова, Арай Молдаханова және Айгүл Жамбылбайқызы. Медина кәсіпқой ойыншы болса, Арай волейболшы, ал Айгүл кітапхана қызметкері. Бұл үштік жарыста мергендіктерін көрсетіп, ұпай саны бойынша қалған командаларды артта қалдырған. Ал, команда қоржынына қола жүлде салған дойбышаларымыз Тілеулес Бадығұлова, Манара Әбеубекова, Нұргүл Сүлейменова. Жалпы Балқаш құрамасы облыстық жазғы спартакиада сайысында командалық есеп бойынша 15 команданың арасында 7 орынға тұрақтады.

Медина Тұрсынова-облыстық жазғы спартакиада жеңімпазы
«Қарсыластарымыздың ішіндегі ең мықтылары Сәтпаев қаласы болды. Теміртау қаласы болды. Бірақ біз қыздармен ұйымшыл болдық. Бір-бірімізді өте жақсы қолдадық. Соның арқасында бірінші орын алдық деп ойлаймын».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture