Балқашта ескерткіштерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қалада алғаш рет ескерткіштерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұрын тарихи мұрағаттар тек жуылып, әктелсе, биыл толығымен жаңаруда. Ал құрылыс жұмыстары ең бірінші Тәуелсіздік алаңынан басталды. 10 жыл бұрын пайдалануға берілген қоғамдық орындағы Ағыбай батыр ескерткіші сырланды. Енді аптаның соңына дейін 90 шаршы метрге гранитті жаңа төсегіштер орнатылады. Ол үшін 10 адам күн сайын жұмыс істемек. Сонымен қатар, дәл осы құрылысшылар жаздың соңына дейін шаһардағы өзге 6 ескерткішті жаңартатын болады.

Сәуле Айтжанова- ТКШ бөлімінің бас маманы
«Ағымдағы жылға ескерткіштерді қалпына келтіруге жергілікті бюджеттен 7 млн. теңге ақша бөлінген.Бүгінгі күні Ағыбай батыр ескерткішін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.0210 Және де бұдан басқа 6 ескерткішті қалпына келтіреді.Ол жұмыстардың барлығы жаз айында аяқталады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture