Балқаштық қару иелері енді қару-жарағын жаңа заң бойынша сақтауы тиіс

Қару-жарақтарды сақтайтын азаматтардың назарына. Енді қарулардың барлығын сертификатталған дабыл қоңырауы бар сейфтерде ғана сақтау керек. Оған қоса, оқ-дәрілерді пайдалануға шектеу қойылды. Ағымдағы айда қару айналымына қатысты жаңа заң өз күшіне енді. Бұдан былай, сейфтерге жай ғана дабыл қоңырауын емес, сертификатталған GSM дабыл жүйесі бар құрылғыны орнату керек. Себебі, темірсандықты рұқсатсыз біреу ашса, онда күзетшіге немесе қожайынға смс-хат келеді. Ал егерде, бұл талап 1 — тамызға дейін орындалмаса, 20 мыңнан астам айыппұл салынады. Сондай-ақ жаңа ережеге сәйкес, бір адамға тегіс ұңғылы қаруға 500 оқ, иір ойықты мылтыққа 100-ден артық патрон сақтауға болмайды. Қоса кетейік, бүгінде Балқашта қаруы бар 900 адамның100-ге жуығы жаңа дабыл жүйесін әлі орнатпаған.

Александр Федотов – қару айналымы және лицензиялау тобының аға инпекторы
«Қайта жабдықтауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін , біз қару иелеріне тексеріс жұмыстарын жүргізетін боламыз.Егер сейфтер талапқа сай болмайтын болса, артық оқ-дәрілер тәркіленсе – әкімшілік жауапкершілікке тартылады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture