Балқаш-Алматы тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқиға салдарынан үш адам көз жұмып, тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болғандардың ішінде бір бала бар. Қайғылы жағдай түнде, Балқаштан 118 шақырым қашықтықта орын алды. ToyotaLandCruiser Алматыға қарай бағыт алған. Алдын –ала болжам бойынша иномарка алдында келе жатқан прицепке тіркеулі Камазға соғылған. Қатты соққыдан көліктің газға толы багы атылып, Тауата жана бастаған. Ал оны көрген Камаздың 41 жастағы жүргізушісі өртке оранған көліктің ішінен екі бала мен бір әйелді ғана құтқарып үлгерді. Өкінішке орай, джиптің 69 жастағы жүргізушісі мен бір әйел, 11 жастағы бала қызыл жалында көз жұмды. Қазір аман қалған жолаушылар Приозерскте, жан сақтау бөлімінде.
Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Алдын –ала болжам бойынша жол апаты газға толы бактан болған. Ол жарылып, өртке айналған. Қазір аман қалған үш жолаушы Приозерсктің ауруханасында, жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login