20 балқаштыққа көліктерін тиісті емес жерге қойғаны үшін айыппұл салынды

Балқашта жыл басынан бері заңды белден басып темір тұлпарларын қайда болса сонда қойып кететін 20 жүргізуші жауапқа тартылды.Оларға 35 мыңнан бастап 114 мыңға дейін айыппұл салынды.Санаққа сүйенсек жол ережесіне пысқырмайтындардың көбісі көліктерін автобус тоқтайтын аялдама маңдарына қойып кететін көрінеді. Осындай ережені бұзған 17 жүргізуші 250 мың теңге ақшаларынан қағылды. Ал тіпті 2 жүргізуші тұлпарларын мүгедектерге арналған жолға қоюдан арланбайтыны белгілі болды. Оларға жалпы 170 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар, тартуарға көлігін қойған бір жүргізуші қазынаға 35 мың теңге төледі.

Нұрлан Кәрім- Жергілікті полиция қызметінің басшысы
«0628 Егерде бардюрлерге,тратуарларға шығып кеткен көліктерді көретін болсаңыздар ұялы телефонға түсіріп алып, бізге хабарын айтсаңыздар. Біз оларды әкімшілік жауапкершілікке 10 АЕК айыппұл салатын боламыз.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture