Балқашта жазғы кітапхана өз жұмысын бастады

Балқашта жазғы кітапхана өз жұмысын бастады. Енді қала тұрғындары ашық аспан астында серуендеп қана қоймай, кітап оқып тыныға да алады. Алғашқы оқу залы Уәлиханов көшесінің бойындағы саябақта басталды.

Шағырып Қордабай ата жазғы кітапхананың алғашқы қонақтарының бірі. 72 жастағы қария кітапты ғимараттың ішінде емес, таза ауада тынығып оқығанды жақсы көреді. Оның үстіне, қоғамдық орында осындай кітапхана болып, керегін таңдай алған тіптен жақсы дейді.

Шағырып Қордабай- қала тұрғыны
« Мен таңертең ерте тұрып серуендегенді жақсы көремін.Таза ауамен жүріп ,мұнау халықпенен ерте тұрып жүрсеңіз денсаулыққа пайдасы тиеді.Және мынау Айлапат журналын алып, оқып отырмын өзім.0831 кездескен сайын осындай кітапханаларға барып тұрамын».

Жаздың жаймашуақ күндерінде тұрғындардың таным көкжиегін арттыру мақсатында ашылған кітапхана тамыз айының соңына дейін жалғасатын болады. Кітапхана қызметкерлері әр аптаның сәрсенбі , жұма күндері қоғамдық орындарға шығып, оқырмандардың назарына түрлі оқулықтарды ұсынбақ.Сөреден қазақ әдебиетінен бастап, қаланың жазушылардың туындыларын, детектив, классика, журналдарды оқи аласыздар.

Жұлдыз Мұхамеджанова – кітапханашы
«Дәстүрге айналған шара жыл сайын жаз айында ашық аспан астында кітап оқу деген шара болып табылады.Біз мұнда түрлі кітаптарды алып шығамыз.Жаңа кітаптар , мерзімдік кітаптар.көбінесе қала оқырмандары жаңа кітаптарға, мерзімдік басылымдарға қарайды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture