Әлімжанов көшесінің тұрғындары комуналшылардың кесірінен канализацияның исіне тұншығып отыр. Балқаш Су мекемесінің мамандары үйдің артын қазып, жағымсыз иіс шығатын құбырды ашық бетінде сол күйі қалдырып кеткен. Ал, шағым айтып қоңырау шалғандардың сөзін елемеген. Толығырақ мәселенің мән жайын біліп қайтқан тілшіміз тарқатсын.
Әлімжанов көшесіндегі 5 үй тұрғыны Людмила Сонның айтуынша бұл мәселе осыдан 1 апта бұрын басталған. Алдымен, телефон істен шығыпты. Кейін пәтерге канализация исі келе бастаған. Нәжіс суы сол күні аула мен жертөлеге дейін жайылған.
Людмила Сон – Әлімжанов көшесі 5 үй тұрғыны
«Мына канализациялық құдықтардан су сыртқа шығып, аулаға жайылды. Барлығын басып кетті. Дәретхана мен жуынатын бөлмеден сасық иіс шыға бастады. Енді, адам төзгісіз».
Анықталғандай бұл аймақта бірнеше құдық қоқысқа толып, бітеліп қалған. Салдарынан канализациялық құбыр жарылыпты. Ал, ақау шыққан жерді қазу барысында Қазақтелекомға тиесілі сымдарға зақым келген.
Ал, бірнеше күннен кейін үзілген байланыс қайта қалпына келтірілген. Ал Балқаш су жұмыскерлері ескі құбырды жаңасына ауыстырғанымен, қазылған жерді жаппай ашық күйінде қалдырған.
Комуналшылардың сөзінше, жақын маңда орналасқан стратегиялық нысандардың жұмысын тоқтатпас үшін, мәселені бірден шешу мүмкін болмаған. Өйткен жағдайда, нан комбинатын, ЖЭС, колледждерді суық суысыз қалдыруға тур келер еді. Оның үстіне үзілген сымдарды қайта жөндеуге де біраз уақыт кеткен.
Серікбол Рахымжанов – «Балхаш Су» КМК инженері
«Қазір шұңқырды жабамыз. Бір-екі аптадан кейін үстіне топырақ сеуіп, тегістейтін боламыз. Жарылған құбырды ауыстырдық. Енді ешқанай су ақпайды».
Комуналшылар қазылған жерді 1 сағатты қайта жапты. Жұмыс барысында ешқандай нысанды судан ажыратудың қажеті болмады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login