Балқаш бекетінде ветеринарлық станцияның жөндеу жұмыстары аяқталды

Балқаш бекетінде ветеринарлық станция пайда болды. Мал дәрігерлері үшін 10 жыл бойы қаңырап бос тұрған ғимарат жөнделді. Қазір онда құрылыс жұмыстары аяқталған. Мамандар, тек жиһаз бен керекті құрал-жабдықтың келуін күтіп отыр.
Ветеринарлық станция басшысы Қуаныш Мусин жаңа орынға көшіп келуді асыға күтіп жүр. Бұған дейін мал дәрігерлері жалдамалы мекемелерде отырған. Ал, мұнда барлығы замануи талапқа сай. Келушілер мен қызметкерлерге арналған жеке есік, электр энергиясын үнемдейтін жүйе. Ең бастысы тазалыққа баса назар аударылған.

Куаныш Мусин – ветеринарлық станция басшысы
« Стиральный машина тұрады. Оған өздерінің кір киімдерін салып, оң жағына өздерінің киім шешетін шкафтары болады. Өздерінің душ қабылдайтын команатсы бар».

Құрылысшылар қаншама жыл қаңырап бос тұрған мекемені 1 айдың ішінде қайта қалпына келтірген. Жөндеу жұмысы жақында аяқталды. Енді тек жиһаз бен керекті құрал-жабдықтың келуін күтуде. Бәрі дайын болғаннан кейін дәрігерлер жаңа орынға жайғасады.

Куаныш Мусин – ветеринарлық станция басшысы
«Енді мекеменің сыртына қоршау тұрғызу, айналасына брюсшатка төсеп, пандус орнату секілді жұмыстар жүргізіледі. Ал, жаңа вет станцияның құрылысына 21 млн теңге бөлінген».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture