Балқаштық орталық аурухана «Үздік кәсіпорын» атанды

Маусым айының соңғы жексенбісі медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Соған орай, өңіріміздің саулығын ойлаған ақ халатты абзал жандарға арналған салтанатты жиын өтті. М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында саланың үздіктері марапатталды.

Мерекелік шарада ең бірінші денсаулық саласына елеулі үлес қосып, жоғарғы жетістіктерге жеткен 14 маманға Балқаш қаласы әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілді. Адал және қажырлы еңбек еткен 6 дәрігер басшының алғысына бөлінді.Тағы 6 қызметкер денсаулық сақтау басқармасының марапатына ие болды. Кештегі басты жаңалық, 25 жылдық тарихы бар Орталық аурухана Ұлттық сараптама комиссиясының қорытындысына сәйкес «Үздік кәсіорын» атанды. Ал жыл маманы номинациясы 1994 жылдан бастап тері-венерология бөлімшесінің меңгерушісі Нариман Қасимовқа бұйырды.

  Нариман Қасимов -тері-венерология бөлімшесінің меңгерушісі
«Мен Қарағанды медициналық институтты бітірген соң бірден қалалық ауруханаға жұмыс істеуге келдім. Содан бері тері-венерология бөлімшесінде қызмет атқарудамын. Өз салам өзіме ұнайды. Әрі қарай осылай жұмыс істей беремін».

Айта кетейік, бұл мейрам күні денсаулық сақтау саласының ардагерлері де назардан тыс қалмады. Жылдар бойы халықты емдеген мамандарға гүл шоқтары үлестірілді. Жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture