Балқаштық футбол командасы Абай Шахтасымен кездесті

Металлург командасының сырт алаңдағы кезекті ойыны тағы да тең есеппен аяқталды. Балқаш футбол командасы өткен демалыста Абай Шахтасымен кездесті. Бұл олардың облыс біріншілігіндегі үшінші ойыны. Екі команданың құрамы да биыл жаңарған. 8 дүркін облыс чемпионы атанған Абай шахтасы биыл 2 кәсіпқой футболшымен толығыпты. Соған қарамастан балқаштықтар олардың қарқынына төтеп берді. Екі жақ қанша жанталасқанымен екі таймда да есеп ашылмады. Осылайша ойын 0:0 есебімен аяқталды. Балқаштықтардың ендігі қарсыласы Саран командасы. Кездесу сырт алаңда өтеді.

Серікбол Бектұрғанов –« Металлург» командасының жаттықтырушысы
« Ойын өте тартысты болды. Екі жақтан да гол соғуға үлкен мүмкіндіктер болды. Есеп 0-0 аяқталды. Үш ойын ойнап екі тең ойнап, бір ойын жеңілдік. Келесі ойын жеңіске жетеміз деген ойымыз бар».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture