Балқашта даяшы, аспазшыларға арналған шеберлік сағаты өтті

Балқашта алғаш рет әкімшіліктер мен даяшы, аспазшыларға арналған шеберлік сағаты өтті. Онда Қазақстан Туристік Ассоциациясынан келген мамандар қонақтарға жоғарғы деңгейде қызмет көрсетудің жолдарын түсіндірді. Тұтынушы нарығында фирманың бәсекелестік қабілетінің артуына қол жеткізудің ең негізгі әдісі – сервис. Өйткені, сапалы қызмет көрсету – бәсекелес фирмалардың алдына шығуға мүмкіндігін беретін жалғыз шешім. Сондықтан кәсіпорында ең бірінші қызмет көрсету сервисін жақсарту керек. Оған қоса, келген қонақтарды қызықтыратын дизайн болуы тиіс. Осылайша, бірнеше сағаттық семинар аясында 50-ден астам балқаштықтар сертификаттарға ие болды.

Майя Ағаділова –Қазақстан Туристік Ассоциациясы орталығының президенті
«Кәсіптерін жаңа ашқан бизнес өкілдері Атамекен кәсіпкерлер палатасынан тегін кеңес ала алады. Ол жақтағы мамандар бизнес жоспарды құрудың жолдарын, қызмет көрсетудің сапасын арттырудың негіздерін түсіндіреді. Кез келген уақытта сол мамандарға жүгінуге болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture