Құттықтау Амандық Ділназ Бақытжанқызы (ата — анасы)

Бүгін кішкентай балапанымыз Амандық Ділназ Бақытжанқызы 1 жасқа толды. Үйіміздің ажары да, базары да кішкентай балапанымызды туған күнімен құттықтаймыз! Жасың ұзақ, ғұмырлы бол, әрқашан былдырлаған бал тіліңмен, әр күнгі қызығыңмен, тәй-тәй басқан қадамыңмен бізді қуантып, өсе бер! Балапанымызға мына өлең жолдарын арнаймыз.

 

Тәй-тәй басып келесің,
1 жасқа енді енесің.
Қадамдарың көбейсін,
Періштең сені жебесін!

Жасқа толған ерке қыз,
Бәріміздің еркеміз.
Құтты болсын 1 жасың,
Тойға енді ертеміз.
Қадам бастың бір саты,
Мақтап жүрер қыз болып,
Өссең енді 1000 саты.

Бала кезің-бақыт кезің бөбегім,
Жылама деп әлпештеумен келемін.
Айналаңа бақыт гүлін ексін деп,
Жүрегіңе жырдың дәнін төгемін.

 

 

Ата-анаңның тілейтұғын амандығын,

Көрсетпе деп өмірдің жамандығын.

Аман-есен қуантшы ортамызды,

Туған айдай толысып туатығұн.

Т/б: әкесі — Бақытжан, анасы —  Сауле, әпкесі — Айым.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture