Балқашта ең үздік мейрамхана мен демалыс орны анықталды. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды қаламызда өткен туристік форумда жария етіп, сыйлықтарын табыстады.
Мамыр айында жарияланған байқаулардың қорытындысына сәйкес ең жақсы сақталған фасад номинациясы бойынша «Respect» қонақ үйі үздік деп танылды. Екінші орынға «Нұрсая» мейрамханасы,»Космос» үшінші орынға жайғасты. Ал дәмді тағам жасап, келген қонақтарды жоғары деңгейде күтіп- шығарып салудан «Мерей» ойын-сауық орталығына тең келер ешкім болмады.Ал, «Бақыт» пен «Атилла» мейрамханалары да жақсы нәтижемен екінші, үшінші орындарға тұрақтанды. Сондай- ақ тас жол бойында орналасқан кафе-асханалардың арасынан Кемпинг «777» бизнес ошағы бірінші орын алды. форум аясында үздік такси жүргізушісі анықталды. Балқаштықтардың арасында ең көп дауыс жинаған «Минутка» такси қызметінің жүргізушісі Жанғазы Ермеков бас жүлдеге ие болды. Ал Мағжан Байтөкешов, Қайрат Ибраев есімді такси жүргізушілері үздік үштікке кірді.
Сайлаугүл Кәукербекова – «Жол бойында орналасқан үздік кәсіпорын» номинация иегері
«Қызмет түрлерін біз жақсы деңгейде атқаруға тырысамыз.Клиенттеріміз дән риза. Бізде шетелден келетін қонақтар көп тоқтайды. Алыс-жақын мемлекеттерден, әсіресе жазда».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login