Жылдық ас Несипбайұлы Каргул

Руы – Десті-Қыпшақ, Несипбайұлы Каргул әкеміздің өмірден өткеніне 1 жыл болады.

Жылдық асы 17 маусым күні Ақшатау ауылының дәмханасында сағат 12.00-ден бастап беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаңға, жора-жолдастарға, ауылдастарға, балаларының еңбек ұжымдарына, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.

Жыл болды күтіп жүрміз келмейсіз,
Сізді күнде кеп қалар деп іздейміз.
Сіз мәңгіге кетіпсіз ғой өмірден,
Сонда да біз бұл шындыққа сенбейміз.

Әке деген асқар тауың,орманың,
Әке деген жұбанышың,қорғаның!
О,адамдар бар кезінде Әкені,
Қадірлейік,өкініште болмағын!

Әлдилеген баласын,мәпелеген,
Адам бол деп құлынын жетелеген.
Бұл әлемде мейірімде,ықыласта,
Бір өзіңе, Жан Әке, жете ме екен?

 

Сағынып еске аламыз, Әке, Сізді,

Еркелетіп өсірдің бәрімізді.

Өзің берген тәрбие ұмытылмас,

Тағылымы мол тәлімді, әрі ізгі.

 

Әке есімін ардақ тұтқан он бір бала,

Еске аламыз «абзал еді» деп қана.

Он бір балаңның тамырына нәр беріп,

Тілегімізді тарту етіп кеттің, Әке, тек қана!

 

Жүректесіз мәңгі біздің көңілде,
Жас таусылды көзден біздің төгіле.
Жайлы болсын жаткан жерің, Әкешім!
Самғап жүрші жәннаттың төр көгінде.

Хабарлаушылар: балалары, немере-шөберелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture