Руы – Тобықты-Мұртай, Ақсары келіні, Ермекбаева Балапан Амандыққызының өмірден өткеніне 16 маусым күні 1 жыл толады.
Жылдық асы 17 маусым күні «АТИЛЛА» дәмханасында сағат 11.00-ден бастап беріледі.
Ауызашар сағат 21.00-де Сейфуллин көшесі, 9 үй, 45 пәтерде беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, анамызды танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Анамыз орны бөлек өмірдегі,
Ана деген асыл жан дүниедегі.
Кім қияды анасын қара жерге,
Жоқ өзіңдей қамқоршы енді бізге.
Кім-кімге де ақиқат өлім деген,
Таласқан биікпенен, тереңменен.
Тәуба етеміз, ошағыңның оты өшкен жоқ,
Ортамызда өзіңізді жоқ дегенмен.
Жатқан жерің жәннаттың төрі болып,
Жан Ана топырағың торқа болсын!
Иманың мәңгілікке жолдас болып,
Аруағың ұрпағыңды қолдай жүрсін!
Хабарлаушылар: балалары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login