Асқар таудай әкем Руы Керней – Шаң – Сүйіндік, Жахметбек тегі Марал Баубекұлының өмірден өткеніне 40 күн болады. Сағынышпен еске ала отырып, келесі өлең шумақтарын арнаймын:
Әкеден асқар жок екен!
Әкенің сөзі оқ екен.
Қарайып жүрсе қасыңда,
Уайым, қайғы жоқ екен.
Әке деген асқар тауың, орманың,
Әке деген жұбанышың, қорғаның!
О, адамдар бар кезінде Әкені,
Қадірлейік, өкініште болмағын!
Жүректесіз мәңгі біздің көңілде,
Жас таусылды көзден біздің төгіле.
Жайлы болсын жаткан жерің, Әкешім!
Самғап жүрші жәннаттың төр көгінде.
Арманың көп еді ғой, өмірде мол,
Араша түсе алмадық өлімге ол.
Пейіште нұрың шалқып бізді жебеп,
Жәннаттың әрқашанда төрінде бол!
Еске алушы: ұлы – Темірлан.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login