Бектау Ата бөктерінде жазғы спорттық лагерь ашылады

Биыл алғаш рет Бектау Ата бөктерінде жазғы спорттық лагерь ашылмақ. Оған спортқа жаны жақын 10 жастан асқан балалар шақырылады. Ал «Жас қанат» ойын-сауық кешенінде өткізілетін лагерьде оқушылар бағдарламаға сәйкес уақыттарын тиімді өткізетін болады. Күніне 5 рет тамақтанып, жасыл алаңда футбол, волейбол, баскетбол секілді ойындардың қыр-сырын меңгереді. Аты аңызға айналған БектауАта жайлы мағұлмат алып, тауға серуендейді. Спортық лагерь 31 шілдеден бастап 14 тамыз күндері аралығында өтеді.Жолдама құны — 6700 теңге. Оны Металлург стадион кешенінен сатып ала аласыздар.

Алтай Битүсүпов– «Металлург» стадион кешенінің директоры
«Бектауатада спортшылар күніне 5 рет тамақтанатын болады. Ол жаққа доп, спортқа қажетті заттарды алып барып, дайындалады. Жаттығуларын әдеттегіндей жоспар бойынша жасайтын болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture