Қырық күндік ас Жахметбек тегі Марал Баубекұлы

Руы Керней – Шаң – Сүйіндік,  Жахметбек тегі Марал Баубекұлыны өмірден өткеніне 17 маусым күні 40 күн болады.

Қырық күндік асы 17 маусым күні сағат 11.00-ден бастап Ақжал кенті  «ҮМІТ» кафесінде беріледі.

Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарына, таныстарға, жұмыс орнына, көршілерге  хабарлаймыз.

Ауызашар кешкі 21.00-де  Ақжал кенті «Үміт»  дәмханасында беріледі.

 

Тау-тастың қыраны едің еркін ұшқан,

Сүйсініп қарайтындай елің, дұшпан.

Жігіттің сұлтаны едің дара тұлға,

Батырып кете бардың қара мұңға.

 

Қаламын деп артыңда ойламадым,

Балам-ау, бізді неге ойламадың?

Алланың сүйген құлы бол, жарығым,

Жәннатта болсын жаның – сол тілегім.

 

Жан бауыр, күндіз-түні жүресің есте,

Бейнеңді сөз етеміз ерте-кеште.

Қарындасыңмен қол ұстасып, әкең қоштап,

Ән айтып жүрсіңдер ме «о дүниеде».

 

40 күн бопты-ау сен кеткелі өмірден,

Тірі кезің еш кетпейді-ау көңілден.

Әлі күнге кездесер деп елеңдеп,

Сағынумен мына өмірден жеңілем.

 

Ер жетіп, аман өссін ұлыңТемірлан,

Артыңда жоқтатпайтын жалғыз тұяқ.

Рухыңа серік болсын иман жүзің,

Тұрағың болсын дейміз мәңгі жұмақ!

Ас берушілер: анасы Әрмия, жұбайы Мейрамгүл, ұлы Темірлан, бауырлары.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture