Руы Керней — Түйте, Құсайынов Қуанның өмірден өткеніне 40 күн болады.
Қырық күндік асы 17 маусым күні сағат 11.00-ден бастап «БЕРЕКЕ» мейрамханасында беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарға, таныстарға, жұмыс орнына, көршілерге хабарлаймыз.
Ауызашар кешкі 21.00-де ст.Балқаш, Степная көшесі, 14 үйде беріледі.
Қырық күнің кеп қапты-ау, сен кеткелі қадымдап,
Сен жүруші-ең тірлігінде, шаттығыңмен адымдап.
Алла салған жазымышқа, біз көнеміз әкешім,
«Жатқан жерің жарық болсын!»-деп тілейді қауымың!
Ұмыта алмай бауырларың жүр бүгін,
Сұм ажалдан құтқара алған кімді-кім?
Анамыз жүр ғой сағынып,
Жүрекке артып талай мұң…
Қара жерде жатқаныңа қырық күн,
Көкке қанат қаққаныңа қырық күн.
Қырық күнде жүрек міне, қаяулы,
Қош, қош бол, Әке, аяулы!
Лә иләһә илләл-лаһу,
Мүһәммадү расул аллаһ.
Алладан рахым, шапағат,
Біз тілейміз қол жайып.
Жатқан жерің жәннаттың төрі болып,
Жан «Әке» топырағың торқа болсын!
Иманың мәңгілікке жолдас болып,
Аруағың ұрпағыңды қолдай жүрсін!
Ас берушілер: жұбайы Алтын, балалары, бауырлары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login