Руы Сарым — Сауранбай, Құлатаева Марзия Сабажанқызының өмірден өткеніне 17 маусым күні 40 күн болады.
Қырық күндік асы 17 маусым күні сағат кешкі 21.00-де Астана қаласы, «Қызыл құм» дәмханасында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, жора – жолдастарға хабарлаймыз.
Өмір зулар шаршамайды, талмайды,
Бүгініңді ертеңіңмен жалғайды.
Нәзік жүрек өзіңізді сағынып,
Сағынышын осы жырмен арнайды.
Ақкөңіл-ең әркезде жарқылдаған,
Туысқа да, досқа да аңқылдаған.
Бәрімізді қалдырып қайда кеттің,
Жылап қалды ағайын, артыңда анаң.
Жәннатта болсын жаның, Аллам қолдап,
Жүреміз біз өзіңді әркез ойлап.
Аға-бауыр, немерелер, ұл-қызыңды,
Әрдайым жатыңыз жебеп, қорғап.
Ас берушілер: анасы — Қорлан, балалары, туған – туыстары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login