Қарағанды тас жолында қараусыз қалған екі бала табылды

Қарағанды тас  жолында  қараусыз қалған екі бала  табылды. Қонақ үйдің  маңында жүрген  6 жасар ұл мен  4 жасар қыз полицейлер байқап қалып, қалаға жеткізген. Анықталғандай, бүлдіршіндердің аналары жұмысқа кетіпті. Ал, әкелері  түрмеде отыр.  Қазір балалар жұқпалы аурулар бөлімшесіне орналастырылды. Аналары болса іздестірілуде.

Бұл әдемі баспана-4 жасар Анжела Касатчикованың арманы, сағынышы. Себебі, бүлдіршін өз үйін соңғы рет жарты ай бұрын көрді. Ал соңғы 10 күнде ағасымен бірге емхананы паналап жүр. Оларды полицейлер тас жолдан тауып алып, осында алып келді. Балалардың айтуынша, аналары жұмысқа кетіп, «Таня апа» деген кісінің үйіне қалдырып кеткен екен. Алайда, бірнеше күннен кейін анасы оралмаған соң, сол «Таня апалары» балаларды далаға қуып жіберіпті.

Ал жұқпалы аурулар бөлімшесі Анжела мен оның 6 жасар ағасы Исламға тансық емес. Балалар осыдан екі жыл бұрын қыста дәл осындай жағдаймен емханаға жатып шыққан көрінеді.

Любовь Сыромятникова – жұқпалы аурулар бөлімше медбикесі
«Балалармен таныспыз, оларды мені жақсы таниды. Люба апа деп атайды. Бізге осымен екінші рет келіп отыр. Алғашқы күндері ыстықтары көтеріліп, ауырды. Бірақ, қазір дәрі ішіп, жақсы болып қалды. Өздері көңілді, белсенді балалар».

Арада біраз уақыт өтсе де, полицейлер 24 жастағы жауапсыз ананы тапты. Оның айтуынша, өзінің құжаттарын 5 жыл бұрын жоғалтып алған. Балаларға тіптен рәсімдемеген. Ал туған әкелері түрмеде отыр дейді. Сондықтан, балаларды алып кету үшін безбүйрек ана ең бірінші жеке куәлігін қайта жасату керек.

 Мария Гиждевская – кәмелет жасқа толмаған балалар ісі жөніндегі инспектор
«Балаларды алып кету үшін анасы туу туралы кәуліктің көшірмесін әкелуі керек. Бірақ, анасы асықпайтын сияқты. Балаларына әлі келген жоқ. Біз оны ата-ана міндетін дұрыс орындаймайтын ана ретінде есепке алдық. Себебі, ішімдік ішіп, балаларды тастап кетіп қалған».

Ал анасы құжаттарды рәсімдегенше, балаларды туысқан ағалары қамқорлыққа алуға ниетті. Алайда, ол үшін ең бірінші баласынан безген келіншек ата-ана құқығынан бас тарту қажет.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture