Руы – Тобықты – Мұртай, Қазанғапұлы Ахметжанов Жұмағали әкеміздің өмірден өткеніне 40 күн болды.
Қырық күндік асы 16 маусым күні сағат 11.00-ден бастап және ауызашар сағат 21.00-ден бастап «ІЛИЯС» дәмханасында беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, таныстарға, бірге істеген еңбек ұжымына, көршілерге, балаларының еңбек ұжымына хабарлаймыз.
40 күн болды бұл өмірден өткелі,
Сізді ойлаумен көңілден мұң кетпеді.
Келмесіңе көзіміз жетіп тұрса да,
Биязы үніңіз құлағымызға жетпеді.
Жайдары, дархан көңіл мінезімен,
Жаны пәк, қамқор, адал тілегімен.
Жар болды, әке болды мейірімді,
Ақкөңіл, аңқылдаған жүрегімен.
Ешбір жанға зияның жоқ жан едің,
Сыйлаушы еді сені білген бар елің.
Тыныштық берсін жаныңа,
Арнауым осы айтатын.
Риза бол қалқам жарыңа!
Айбатты да айбынды ер мінезді,
Асқар тауға теңедік, Әке Сізді.
Атыңызды келеміз жалғастырып,
Өшпестей боп атадан қалған ізді.
Әкешім, сені сағынамыз, аңсаймыз,
Өзіңді іздеп, келер деп алаңдаймыз.
Алланың жазғанына шара бар ма?
Қол жайып, рухыңа дұға арнаймыз.
Жаның жәннатта боп, нұрға толсын,
Жамылған топырағың торқа болсын!
Әке аруағы қорған болып,
Ұрпағың өсіп-өніп, орда болсын!
Ас берушілер: жұбайы – Райхан, бауырлары, балалары, күйеу баласы.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login