Аяулы да ардақты бауырымыз, ағамыз Атығұл Жасұлан 14 маусым күні қамал бұзар 40 жасқа толып отыр. Арамыздағы ақылшы бауырымыз, қадірлі ағамызды мерейтойымен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ өмір, жанұяда бақыт пен бүлдіршіндердің қызығын көруге тілектеспіз!
Бауырым құтты болсын қырығыңыз,
40-тың бақшасында қыдырыңыз.
Берері аз болмасын бес күн жалған,
Алқызыл гүлдей болсын ғұмырыңыз.
Ағаға ақ тілегім ақтарылсын,
Әкеге тұрпатыңмен тартқан ұлсың.
Бабалар рухы қолдап әркез,
Ордаңа қыдыр қонып, бақ дарысын.
Жақсы ниет, нұр ниет қабыл болсын,
Ақ көңілге әрдайым жаның толсын.
Әрқашанда пәк көңілің гүлдей жайнап,
Жан жүрегің күн нұрындай ашық болсын.
Тілек білдірушілер: әпке-жездесі: Талғат-Айгүл, бауырлары: Марғұлан-Торғын, Еркебұлан-Гүлназ, Қыдыр-Сәуле, Жұлдыз, балалары, жиендері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login