Жалған ақпарат таратқан балқаштық қыз жауапқа тартылды

Жалған ақпарат таратқандар-жауапқа тартылады. 26 жастағы Балқаш тұрғыны полицейлерге өтірік мәлімет айтқаны үшін бостандығына 3,5 жыл шектеу қойылды. 1991 жылғы сотталушымен болған жағдай Балқашта бірінші рет тіркеліп отыр. Өткен жылдың жаз айында, оның досы жол көлік оқиғасына тап болады.Содан артын ойлаған жігіт қызға «менде құжат жоқ, оқиға кезінде сен рөлде болдым және көлікті рұқсатсыз алып кеттім деп» полицейлерге айтшы деп қолқа салады. Ал оның бұл өтінішін қыз қабыл алып, сұрақ-жауапта солай айтады. Бірақта, тексеріс барысында өтіріктің беті ашылып, 26 жастағы қыз «жалған ақпарат таратқан» деген баб бойынша заң алдында жауап берді. Сот үкімімен сотталушы қыздың жүріп-тұруына 3,5 жылға шектеу қойылды. Шешім өз күшіне әлі енген жоқ.

Максума Маматиминова – Балқаш қ. Прокуратурасының прокуроры
«Сұрақ-жауап алу барысында сотталушы өз кәнісін толық мойындады.Жалған ақпарат айтқанына өкінеді. Соны ескере отырып сот ең жеңіл жазаны қарастырып, жүріп-тұруына шектеу қойды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture