Бектау Ата баурайындағы «Факел» лагері қайта жұмыс жасай бастады. Талай балқаштық балалардың балғын шағы өткен лагерь бұл жолы ақтоғайлық бүлдіршіндерді қарсы алды. Бірнеше жыл бойы жұмысы тоқтап тұрған жазғы демалыс орнына биыл жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Ақтоғай ауданына қарасты елді-мекеннің 800 балаcы тегін демалуға мүмкіндік алды. Онда ең алдымен көпбалалы, отбасылық жағдайы төмен жандар қарастырылған. Демалыс күнінен бастап Сарышаған, Шашубай, Тараңғалық және Ақтоғайдың маңындағы басқа да ауылдардан 200 бала лагерьге келді. Балалар үшін жаңа ойын алаңы, роботохеника, қолөнер үйірмелері мен бассейн салынған. Күніне 5 мәрте тамақ беріледі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login