«Чек талап етте жүлде ұтып ал» республикалық акциясы жалғасуда. Ал, бас жүлдеге автокөлік тігілген. Темір тұлпарды ұтып алу үшін сауда нүкелеріне, мейрамхана, кафелерге барғанда алған тауар мен көрсетілген қызметтің бағасы жазылған түбіртек сұрау қажет. Ал, берілген қағазды випон мобилді қосымшасы арқылы суретке түсіріп, ұйымдастырушыларға жібересіз. Бір чек бір ұтыс билеті болып саналады. Сондықтанда, түбіртек санына шектеу қойылмаған. Жеңімпаздар алдымен облыстық деңгейде анықталады. Өңірде жеңген адам бас жүлдеге автокөлік тігілген республикалық ұтысқа қатысады. Былтыр Chevrolet темір тұлпарын павлодарық ұтып алған. Ал, акция 30 қарашаға дейін жалғасады.
Серік Маукулов-мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы
«Кез-келген адам дүкенде тауар алған кезде, мейрамхана, кафелерде қызмет көрсетілген кезде чек талап етуге құқылы. Сол арқылы жеке кәсіпкерлер нақты табыс көзін көрсетеді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login