Балқаш медицинасына үлес қосқан білікті дәрігер. Видео

Ақ халатты абзал жандар қашанда құрметке ие. Олар санаулы секундта адамның өміріне араша түсіп, көмектерін аямайды. Осындай жандардың бірі Майя Құнарбекова. № 2 емхананың жалпы практика бөлімінің білікті маманы.

Майя Құнарбекова медицина саласына өз қалауы бойынша келген. Балқаштағы медициналық колледж бен Қарағанды Университетін аяқтап, еліміздегі алғашқы әмбебап дәрігерлердің бірі атанды. Содан бері маман 16 жыл бойы ересектер мен балаларға қол ұшын беріп, дерттен арылуға көмектесіп келеді.

Майя Кунарбекова –№2 емхананың ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі директор орынбасарының м.а
«Мен бала күнімнен бастап дәрігер болуды армандадым. Мен дәрігерлер секілді жаздым. Дәрігер болып ойнағанды ұнаттым. Содан осы жолды таңдап, оқыдым».

Жалпы практика бөлімінің дәрігері Маия Майдановна негізігі міндетінен өзге, тағы бір жүкті арқалап жүр. Былтардан бастап ақ халатты жан әйелдер мен болашақ аналардың денсаулығына жауапты. Әрқашан оларға кеңес беріп, қабылдау жүргізеді.

Еліміздің басты байлығы адам мен оның денсаулығы. Мұны жақсы түсінетін маман науқастарға дер кезінде дұрыс әрі тез көмек беруге тырысады. Сондықтан, бос уақытының көбісін жұмыста өткізеді. Бірақ, өмірдегі аналық міндетін де ұмытпайды. Үш баласына уақыт табады.

Майя Кунарбекова –№2 емхананың ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі директор орынбасарының м.а
«Әрине, жұмыс оңай емес. Жауапкершілігі көп. Адам өмірі қыл үстінде тұрады. Сол кезде науқас үшін де шешім қабылдайсын. Бірақта, жұмыстан бөлек бір уақыт отбасыма да көңіл бөліп отырамын. Табиғат аясына шыққанды ұнатамыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture