Біз бүгін кішкентай ғана балапанымыз Түкібай Нәзерке Берікболқызын 2 жасқа толған туған күн мерекесімен құттықтаймыз! Әрбір күні тыныш болып, былдырлаған тілі, шат-күлкісі, ерке қылығы туған-туыстарына қуаныш әкелсін!
Туған күнің құтты болсын, Нәзерке!
Міне, бүгін арайланып атты күн.
Ашық күндей жайдарлы бол, жан балам,
Қуанышым, құлыншағым, шаттығым.
Ата-әжеңнің таусылмайтын жыры бол,
Көңілдеріне сәуле шашар нұры бол!
Гүлдей жайнап, қызғалдақтай құлпырып,
Ата-анаңның мақтанышы, гүлі бол!
Үйіміздің сәні де сен әні де,
Бастаушысың жақсылықтың бәріне.
2 жасыңмен құттықтаймыз, жарығым!
Саулық тілеп жаныңменен тәніңе.
Үміт артқан әкеңнің қуанышы бол,
Аялаған анаңның жұбанышы бол.
Несібең дариядай ырысты болсын,
Біздің осы тілегіміз,
Алланың ризалығымен жұғысты болсын!
Т/б: ата — әжесі, әкесі- Берікбол, анасы — Арай.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login