Құттықтау Қанайбеков Талғат Ынтымақұлы

Аса ардақты күйеу баламыз Қанайбеков Талғат Ынтымақұлын 50 жасқа толған мерейтоймен құттықтаймыз! Деніңнің саулығын, шаңырағыңа ырыс байлығын, жүрегіңе мәңгі жастық жалынын, көңіліңе сезімнің шалқыған шаттығын тілей отырып, келесі өлең жолдарын арнаймыз:

Тілектер арналады саған бүгін,

Қуанышпен өте берсін әрбір күнің.

50 жас бақ пен дәулет сыйлай берсін,

Қайын жұртың құттықтайды сені бүгін.

 

Тілегің таңғы нұрдың шуағындай,

Ұрпағың жинап өскен құрағыңдай.

Мерейлі 50 жасқа жеттің, міне,

Той болса мәртебелі, сірә мұндай.

 

Қамқор боп жүреді ылғи ағайынға,

Панасы туған-туыс, адал жарға.

Аянбай елі үшін еңбек еткен,

Қуаныш бола берсін, Талғатжанда!

 

Отбасыңның, еліңнің тірегісің,
Елжіреген кішіге жүрегің тым.
Ауырма, бақыт бағы ашсын есік,
100-ге жет сіңіліммен тілеріміз шын.

 

Тіршіліктің қызығына бөленіп,

Аман-есен ортамызда жүре бер.

Мерекең ұзағынан бола берсін,

Үй-ішің немере, шөбереге тола берсін!

Т/б: Серік – Аманкүл

Ләззат, Абзал

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture