ЭКСПО Халықаралық көрмеcіне орай Шымкенттен шыққан мотошеруге қатысушылар Балқашқа келді. Екі дөңгелікті тізгіндеген 5 мотоциклист пен бір көлік қаланың көшелерімен жүріп өтті. Олардың сапары 29 мамыр күні Шымкенттен басталды. Бүгінгі күнге дейін үгіт-насихат тобы 12 қаланы бағындырып, 6400 шақырымды артта қалдырды. Олар бұл шеру үшін көліктеріне көрме жайлы ақпарат қағаздарын жапсырып, еліміздің, ЭКСПО- ның туын ілген.Тіпті көрменің атауы бары киімді де арнайы тіктірткен көрінеді.

Рүстем Базарбеков- ОҚО мотоциклисттер федерациясының президенті
« Біздің мақсатымыз Қазақстанның барлық қалаларын аралап шығып, тұрғындарға ЭКСПО көрмені дамыту, елімізге соны көрсетіп, дамытып,0236 Өзіміздің ықыласымызбен , өзіміздің мото туристеріміз, әріптестеріміз бәріміз жиналып осы идеяны істеп отырмыз».

Шеруге қатысушылар қала көшелерімен жүріп өткеннен кейін, балқаштың әкімшілігі ЭКСПО жалауына қолтаңба қалдырды. Осылайша, барлық өңірдің жазбалары жиналып, көрменің мұражайына тапсырылады. Ал мотошерушілер Балқаштан кейін Алматыға ат басын бұрмақ. Одан соң Шу, Жамбыл қалаларына барып, 14 маусым күні өз насихаттарын аяқтамақ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login