Балқашта үздік такси қызметкеріне дауыс беру аяқталды

Балқашта ең үздік такси қызметкеріне дауыс беру аяқталды. Енді берілген дауыстар саналмайды.
Еске сала кетейік, Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі «ең үздік такси қызметкері» байқауын жариялаған болатын. Оған әр түрлі такси қызметінен 6 адам қатысты. Сайтымызда жарияланған дауыс беру бойынша, «Минутка» такси қызметінен Жанғазы Ермеков 2000 дауыспен І орынға шықты. «Экспресс» қызметінің таксисі Мағжан Байтөкешов 1700 жинап, ІІ орынға тұрақтаса, ІІІ орынға «Минутканың» тағы бір жүргізушісі Қайрат Ибраев ілікті. Ал жеңімпаздарды 16 маусым күні «Балқаш — Туризм-2017» туристік форумында  марапаттайды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture