Балқаш балық кәсіпорны өртке оранды. Фирманың қасындағы қойма түгел жанып кетті. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Ал тілсіз жау кешке таман басталды. Оның тұтанғандығы туралы хабар өрт сөндірушілерге Қарағанды қаласынан жетті. Содан мамандар оқиға орнына барғанша, қара түтін көк аспанды алып, қалаға дейін көрінді.
Марлен Берік- куәгер
«Қап-қара түтін аспанға шығып жатты. Біз қоқыс жанып жатқан шығар деп ойладық. Қарасақ пожарный машиналар кетіп барады. 3-4 көлік көрдік».
Анықталғандай, жанған қойма қамысқа айнала оралған екен. Қара түтін болып жанғаны соның салдарынан көрінеді. Ал лапылдап жанған жалынды ауыздықтау үшін 26 өрт сөндіруші, 5 арнайы техника жұмылдырылды. Мамандар 1 сағат өртті сөндіріп, 5 сағат бойы нысанның темір қаңылтырларын ашып, тексерді.Өрттің жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрады.
Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Өртті сөндіру соншалықты қиын болмады. Бірақ, темір-терсектерді ашып, қойманы бұзу уақыт алды. Қара түтін болып қамыс қатты жанды. Ешкім зардап шекпеді. Шашубай кенті Ақтоғай ауданына қарайтындықтан, құжаттар сол жаққа жіберілді. Өрттің себебін солар анықтайды».
![]()
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login