Балқашқа төрт дөңгелекті үймен қытайлықтар келді

Дөңгелекті үй! Бүгін Балқашқа Қытайдан туристер келді. 20 адамнан құралған делегация автотрейллермен саяхатқа шыққан. Астанаға барып ЭКСПО халықаралық көрмесін тамашаламақ. Ал, біздің журналистер көліктің ішінде орналасқан үйге бас сұғып, оның иелерімен тілдесіп қайтты.

Турист Жай Чун Фенг өзінің автотрейлерін көрсетуде. Осы көлікпен Үрімші қаласынан жолға шыққандарына 5 күн болған. Біздің кейіпкеріміз отанында дөңгелекті үймен әуестенушілер клубын басқарады. Айтуынша, тобында 700 қытайлық бар. Сол топтағы 20 адам бірігіп, көлікті техникалық жағдайын тексеру үшін алыс сапарға шыққан.

Жай Чун Фенг – турист
«Қазақстанда болып жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мақсатымен келіп отыр. Тағы да Қытайдан келетін туристер көп дейді. Соларға жол ашу мақсатында».

Көлік ішінде орналасқан баспанада барлығы жайылып, жиналады. Мұнда бірнеше жатын орын, үстел, кішігірім асүй тіпті жуынатын бөлмеге дейін бар. Пеш, тоңазытқыш секілді тоқты қажет ететін заттардың барлығы аккумулятор арқылы істеп тұр. Ал, көліктің өзі сағатына 100 шақырым жерді бағындырады.


Жай Чун Фенг – турист
«Қазақстанға кіргелі бері табиғаты әдемі дейді. Тағы бір айта кетерлігі қазақ халқының қонақжайлығын айтып отыр.Бізге өте көмектесті дейді. Сосын жолы кішкене нашарлау деп отыр».

Туристердің басты мақсаты Астанаға барып ЭКСПО көрмесін тамашалау. Бұл 5 көлік Қазақстан еліне келген саяхатшылардың алғашқы бөлігі. Маусым айының соңында олардың артынан дөңгелекті көлікпен әуестенетін тағы бір топ жолға шықпақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture