Балқаштың қорытынды жаңалықтары 9 маусым 2017

Балқашта көлік қаққан 20 жастағы қыз палатаға ауыстырылды. Ол бұған дейін 1 апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан еді.

Желтоқсан көшесінде екі иномарка соқтығысты. Жол көлік оқиғасы кешкі 6-лар шамасында болды.

Есірткімен есірген ерлі-зайыптылар. Шашубай кентінің екі тұрғыны есірткі затын сатқаны үшін 10-11 жылға сотталды.

Қалада тартылған дайын етті сатуға тыйым салынды. Енді бұдан былай , ет өнімін сатып салушының көзінше ғана ет тартқыштан өткізу керек.

Қала тұрғындары үйлерінің алаңдары қоқыс маңына айналғанына наразы! Қанша жинағымен тұрмыстық қалдықтарды біреулер келіп төгіп кетеді дейді- көпшілік.

Қалада ескі жарық бағаналары жаңасына ауыстырылуда. Бірер аптадан кейін Қадыржанов және Ағыбай батыр көшесінің бойында электрэнергиясын үнемдейтін жарықдиодтты шамдар пайда болады.

Балқашта өлген жануарлардың өлексесі тасталынатын мал қорымы салынуда. Бұған дейін қалада санитарлық талапқа сай мұндай объект болмаған.

Балқаш қаласы бойынша 11 мың астам тұрғынның статусы белгісіз. Бұл адамдардың мәртебесі бірыңғай базаға енгізілмеген.

Қала аулаларында тор көзді жаңа жәшіктер пайда бола бастады. Онда пластикалық қоқыстар бөлек жиналып, пайдаға жарайтын болады.

Өңірде «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмысын бастады. Үш ай бойы жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер, жұмыссыз жүрген жастар кезектесіп қаланың абаттандыруына ат салысатын болады.

Қалада ресми түрде қаңғыбас ит пен кезбе мысықтарға арналған арнайы баспана пайда болды. Былтырдан бастап хайуандарға қамқорлық көрсетуді қолға алған еріктілер қоғамдық бірлестік құрып, жаңа статус алды.

Қала тұрғыны жигули көлігін заманауи темір тұлпарға айналдарды. Ал жаңа кейіпке енген Ваз 2106 елді таң қалдырып, қызығушылық танытуда.

Қалада қыздар арасында өткен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. 6 күн бойы үзіліссіз өткен додада облыс намысын қорғаған балқаштық кіші топ екінші орынға ие болды.

Облыста футболдан ашық біріншілік жалауын көтерді. Балқаштық «Металлург» командасы бірінші ойынды сыртта өткізіп, екінші кездесуге қызу дайындалып жатыр.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture