Балқашта көлік қаққан 20 жастағы қыз палатаға ауыстырылды

Балқашта көлік қаққан 20 жастағы қыз палатаға ауыстырылды. Ол бұған дейін 1 апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан еді. Еске сала кетейік, бұл оқыс оқиға өткен сенбіде, кешкі он жарымда Қадыржанов көшесінің бойындағы Эльдорада дүкенінің маңында болды. Мерседес көлігін тізгіндеген жүргізуші жүйткіп келіп, жолақтан өтіп бара жатқан бойжеткенді қағып өткен. Куәгерлердің сөзінше, зардап шегуші бірнеше метрге ұшып кетіпті. Көлік иесі болса, оқиға орнынан ізін суытқан. Алайда, көп ұзамай қолға түсті. Кейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Ал, зардап шегуші көптеген жарақаттармен жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлердің сөзінше, ол ішінен жабық соққы алған. Соның салдарынан бауыры үзіліп, қоса жамбас сүйегі сыныпты. Сонымен бірге, көп қан жоғалтып, миы шайқалған.
Толығырақ: Балқаштық дәрігерлер көлік қаққан қыздың жағдайын айтып берді                                                         Балқашта 20 жастағы қызды көлік қағып кетті

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture