Балқашта қыздар арасында өткен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. 6 күн бойы үзіліссіз өткен додада облыс намысын қорғаған балқаштық кіші топ екінші орынға ие болды.Оның ішінде жерлесіміз Анастасия Обухова үздік ойыншы атанды.
Елдің түпкірінен жиналған 13 команда 6 күн бойы сынға түсті. 2003-2005 жылғы жасөспірім бойжеткендер екі топқа бөлініп айналмалы жүйе бойынша бір-бірімен кездесті.Тәжірибелерімен бөлісті. Нәтижесінде, 2005 жылғы яғни, кіші топтағы қыздар арасында Астана қаласының спортшылары чемпион атанды. Ал 2003 –терден Қарағанды құрамасына тең келер ешкім болмады. Жүлдеге ие болған ойыншылардың барлығы бір-бір медальдарға ие болып, кубокпен марапатталды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login