Қырық күндік ас Есімбекқызы Сәну

Аяулы анамыз руы Жұмағұл — Шақа, Есімбекқызы Сәнудің бақилық болғанына 40 күн болады.

Ардақты анамызды сағына еске алып, «жатқан жері жайлы, топырағы мамық болсын»- деп дұға бағыштап 10 маусым күні  сағат 11.00-ден бастап Ақтоғай ауданы, Қасабай ауылында 40 күндік ас береміз. Ағайын – туыс, құда – жекжат, балаларының жора – жолдастарына хабарлаймыз.

40 күн болды, анашым өмірден өткелі,

Көзімнен жас, көңілден мұң кетпеді.

Келмесіңе көзім жетіп тұрса да,

Биязы үнің құлағыма жетпеді.

 

Асыл анам, жүрміз-ау, болып алаң,

О дүниеден әттең- ай, оралып қайтпас адам.

Артыңда қалды жылап барлық балаң.

Аяулы анам, бар ма екен бізге назың,

Кетті–ау, келмеске шуақ жазым.

Жоқ болдың бір күнде болып сағым…

 

Анашым, мәуелі бәйтерегім!

Қырық күнде болыпты –ау сен кеткелі,

Ұрпағың сен деп келеді іздеуменен,

Жол жаққа мұңая қарап елеңдеумен.

 

Анашым, сені сағынамыз, аңсаймыз,

Өзіңді іздеп, келер деп алаңдаймыз.

Алланың жазғанына шара бар ма?

Қол жайып, рухыңа дұға арнаймыз.

 

 

Туған жерді қадірлеп, аңсап едің,

Жайлы болсын мәңгілік жер бесігің.

Жүрмедің ортамызда неге біраз,

Қызықтап қылықтарын немереңнің.

 

Бізде сізден осылай алыстадық,

Алыстадық, жер басып қалыс қалып.

Алла сізге жұмақтан жай берсін деп,

Қол жайып, дұғамызды бағыштадық.

Еске алып, ас берушілер: балалары, немерелері, жиендері, бауырлары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture