Құрметті досымыз Жетпісбекова Динара Қанағатқызы! 40 жас мерейлі мерекең құтты болсын! Басыңа бақ келіп қонып, мерейің үстем болсын. Жанұяң, бала-шағаң аман болып, шаңырағыңа қуаныш пен шаттық толсын! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке тілейміз! Жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп ұзақ жасай беріңіз.
Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзді қуанышпен келесің.
Құтты болсын 40 жасың, Динара,
Өзіңді бір құдайым демесін!
40-қа келген жасыңда,
Бақ-береке айналсын басыңда.
Маңайың дос-жаранға толы болып,
Той-думан бола берсін қасыңда.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсең қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен,
Жеткіземіз ақ ниетпен Динара саған!
Күтсін әлі қуаныштар әр талай,
Жақсылықтан жарқылдасын жан сарай.
Немере мен шөбере көріп өмірде,
Әр күніңді той-думанға арнағай!
Т/б: сыныптастары 77-лер, Абай ауылы.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login